Қазақстан президенті мен Конако князі ынтымақтастықты нығайту мәселесін талқылады

Күні: 14:49, 14-11-2014.

Астана. 14 қараша. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Монако Князі Альбер II-мен кездесті, деп хабарлады ҚР президентінің баспасөз қызметінен.  
«Кездесу барысында екі мемлекеттің басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады», - делінген Ақорданың ресми сайтында жұма күні жарияланған хабарда.
Тараптар жаңғыртылатын энергетика, туризм және электроника салаларында екіжақты іс-қимылды дамытуға зор әлеует бар екенін атап өтті.  
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев пен Альбер II халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты.
Соныман қатар Монако Князі Тұңғыш Президент Кітапханасын аралап көрді, онда құрметті қонаққа «Әлемді өзгертетін идеялар» деп аталатын интерактивті білім орталығы және тақырыптық кітап коллекциялары таныстырылды.


Жаңалықтармен бөлісу: