Қазақстан президенті Тоқаев боксшы Қанат Исламмен ауылдық жерлерде бокс үйірмесн ұйымдастыруды талқылады

Астана. 19 шілде. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев боксшы Қанат Исламмен ауылдық жерлерде бокс үйірмесн ұйымдастыруды талқылады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы Қанат Исламды қабылдады. Кездесу барысында еліміздегі кәсіпқой боксты және балалар мен жасөспірімдер спортын, соның ішінде ауылдық жерлерде бокс үйірмелерін дамыту мәселелері талқыланды», - делінген жұмада таратылған Ақорда хабарында.
Хабарда атап өтілгендей, орта салмақтағы WBO Inter-Continental белбеуінің иегері Қанат Ислам Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің спортшыларына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.
«Мемлекет басшысы боксшының алдағы өтетін жекпе-жектерде жеңіске жетуіне тілектестігін білдірді», - делінген хабарда. .

adimage