Қазақстан президентінің сайлауына министрлер кабинетінің резервінен Т9,5 млрд бөлінбек

Астана. 15 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан президентінің сайлауына министрлер кабинетінің резервінен Т9,5 млрд бөлінбек, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Республикалық бюджеттен 2019 жылы кезек күттірмейтін шығындарға қарастырылған Қазақстан Республикасы үкіметінің резервінен 2019 жылы 9 маусымға белгіленген Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуге Т9 404 771 000 қаржы бөлінсін, оның ішінде: 1) Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына Т9 347 885 000; 2) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Т56 886 000», - делінген министрлер кабинеті қаулысының жобасында.
Құжатты әзірлеушілердің айтуынша, «қаулы жобасын қабылдаудан кері әлеуметтік және / немесе экономикалық салдары болмайды».
«Жоба еркін сайлау арқылы билікті жүзеге асыруға азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыруға бағытталған», - делінген Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевтің құжатқа түсіндірмесінде.
Қаулы жобасы 29 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.
Бұған дейін ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Даленов кезектен тыс сайлау қайдан қаржыландырылады деген сұраққа министрлер кабинетінің резервінен бөлінетінін мәлімдеген еді. Сондай-ақ, хабарлағандай, ОСК сайлауға Т12 млрд бөлуді сұраған еді, алайда қаржы министрлігі бұл соманы қысқартып тастады.
Еске салсақ, 19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы лауазымындағы өз өкілеттігін 2019 жылдың 20 наурызынан бастап тоқтататыны туралы жарлыққа қол қойған еді. Келесі президент сайлауына дейін елді уақытша сенаттың экс-спикері Тоқаев басқарады.
9 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялады, ол үндеуде 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауы өтетін мәлімдеді. Мемлекет басшысының тиісті жарлығына қол да қойылды.

adimage