Қазақстан президенттігіне кандидаттарды тіркеу мерзімінен бес күн бұрын аяқталды

Күні: 12:20, 08-05-2019.

Астана. 8 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстан президенттігіне кандидаттарды тіркеу мерзімінен бес күн бұрын аяқталды, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) баспасөз қызметінен.
«11 мамырда сағат 18-00-де Республика Президенттігіне кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталады. Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келетін барлық ұсынылған кандидаттарды Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылғы 06 мамырға дейін тіркеді», - деп хабарлады сәрсенбіде Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.
Оның айтуынша, кандидаттың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау туралы мәліметтерді екі күн ішінде уәкілетті мемлекеттік органдардың ұсынуы мерзімдерін қысқарту, қол қою парақтарын беру мерзімдерін екі күнге дейін, сондай-ақ АСК қол қою парақтарын тексеру мерзімдерін 5 күнге дейін қысқарту туралы ОСК қабылдаған бірқатар шешімдері кандидаттарды тіркеу кезеңін мерзімінен бұрын аяқтауға мүмкіндік берген
«Босатылған уақыт кандидаттарға штаб қызметін ұйымдастырумен айналысуға, сайлау қорларында қаражатты жинақтауға және үгіт кезеңіне неғұрлым сапалы дайындалуға мүмкіндік береді», - деді ОСК басшысының орынбасары.
Осылайша Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Президенттігіне 7 кандидатты тіркеді: Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты "Nur Otan "партиясы" қоғамдық бірлестігі 2019 жылы 23 сәуірде ұсынды. Сәді-Бек Түгелді "Ұлы дала қырандары" республикалық қозғалысы 2019 жылғы 22 сәуірде ұсынды. Амангелді Сатыбалдыұлы Таспиховты "Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы" 2019 жылғы 25 сәуірде ұсынды. Дания Мәдиқызы Еспаеваны "Ақ жол "Қазақстанның демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі 2019 жылғы 25 сәуірде ұсынды. Төлеутай Сатайұлы Рахымбековті "Ауыл" халықтық – демократиялық патриоттық партиясы" қоғамдық бірлестігі 2019 жылғы 26 сәуірде ұсынды. Жамбыл Әужанұлы Ахметбековті "Қазақстан Коммунистік Халық партиясы" қоғамдық бірлестігі 2019 жылғы 26 сәуірде ұсынды. Әміржан Сағидрахманұлы Қосановты "Ұлт тағдыры" ұлттық патриоттық қозғалысының қоғамдық бірлестігі 2019 жылғы 27 сәуірде ұсынды», - деді спикер.
Спикер сондай-ақ жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер туралы айтты.
«Бүгінгі күнгі жағдай бойынша Ортсайлаукомға 60 өтініш келіп түсті, оның ішінде Президенттікке кандидаттарды тіркеу кезеңінде 25 өтініш келіп түсті, оның ішінде: 21 – жеке тұлғалардан; 4 – заңды тұлғалардан. Өтініштер пошта конверттері, электрондық үкімет порталы, Ортсайлаукомның электрондық поштасы арқылы және қолма-қол келіп түсті. Сипаты бойынша өтініштер: сайлау процесін ұйымдастыру (17); сайлау заңнамасы мәселелері бойынша түсіндірме беру (8) болып бөлінді», - деді Петров.
Еске салсақ, 19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы лауазымындағы өз өкілеттігін 2019 жылдың 20 наурызынан бастап тоқтататыны туралы жарлыққа қол қойған еді. Келесі президент сайлауына дейін елді уақытша сенаттың экс-спикері Тоқаев басқарады.
9 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялады, ол үндеуде 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауы өтетін мәлімдеді.


Жаңалықтармен бөлісу: