Қазақстан құрамасы 2023 жылғы жазғы Азия ойындарына қатысу үшін Ханчжоуға (ҚХР) келді

Астана. 21 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстан құрамасы 2023 жылғы жазғы Азия ойындарына қатысу үшін Ханчжоуға (ҚХР) келді, деп хабарлады Ұлттық олимпиада комитетінен (ҰОК).
«Қытайға спортшылар мен команда өкілдері Алматыдан чартерлік рейспен жеткізілді. Азиадаға бірінші болып бокс, жүзу, үстел теннисі, үлкен теннис, нысана көздеуден, су добы (әйелдер), семсерлесу, спорттық гимнастика, дзюдо, регби-7, гандбол (ерлер) командалары аттанды. Бұдан әрі қарай құрамдар Ханчжоуға кешенді жарыста өнер көрсету кестесіне сәйкес келе бастайды», - делінген Ұлттық олимпиада комитетінің хабарында.
Қазақстан құрамасында барлығы 525 спортшы бар, олар 30 спорт түрінен медальдар үшін күреседі, олардың 27-сі олимпиадалық спорт түрлері болып саналады.

adimage