Қазақстан құрамасы 4 қыркүйектегі III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 13 медаль иемденді

Астана. 5 қыркүйек. ҚазТАГ - Қазақстан құрамасы Қырғызстанда 4 қыркүйектегі III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 13 медаль иемденді, делінген ҚР МСМ спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарында.  
«Бүгін қазақстандық спортшылар түрлі дәрежедегі  13 медаль иеленді. Оның 2-еуі алтын, 2-күміс, 9-қола», - делінген таратылған хабарда.  
«Қазақ күресінен екі спортшымыз Әбілқайыр Мәуленин(70кг дейін) және Ерсұлтан Мұзафаров (90кг дейін) финалға шығып, екі алтын медаль иеленді. Нұрдәулет Жарылғапов қола медаль еншіледі. Арқан тартыста біздің спортшылар командалық сайыста қола медаль еншіледі. Жеке тартыста команда капитаны Қайратхан Шонгу күміс медаль алды», - деді комитеттен.
Сонымен қатар, мас-рестлингте біздің спортшылар 5 медаль иеленді, (4 қола, 1 күміс). Медет Есболаев (60кг), Темірлан Шамет (70кг), Вячеслав Старков(105кг), Александр Краснов(125кг), Дарья Нестерова күміс медаль алды (85кг)..
«Бүркітші Күнтуғанұлы Серікбек бүркіт салуда үшінші орыннан көрінді. Түркмен гураш (белбеу күресте) біздің екі спортшы Әділет Шалғынбекұлы (62кг) және абсолютті салмақта Амандық Абылай қола медаль иеленді», - делінген комитет хабарында.


adimage