Алматы. 21 қараша. ҚазТАГ. Қазақстан құрамасы Еуро-2020 ойынының бесінші қоржынында қалды, деп хабарлады Sports.kz.
«Ұлттық лига қорытындысы бойынша Еуро-2020 ойынының жеребелер қоржыны белгілі болды. Қазақстан құрамасы бесінші қоржынға түсті», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Хабарда айтылғандай, жеребе 2 желтоқсанда Ирландияда өтеді. Командалар 5-6 құрамадан 10 топқа бөлінеді. Еуроға әр топтан алғашқы екі орынға ие болған командалар шығады.
«Қалған төрт жолдама Ұлттық лига қорытындысы бойынша Еуроға тікелей шыға алмайтын үздік құрамалар арасында сарапқа салынады», - делінген хабарда.
1 қоржын: Швейцария, Португалия, Голландия, Англия, Бельгия, Франция, Испания, Италия, Хорватия, Польша.
2 қоржын: Германия, Исландия, Босния мен Герцеговина, Украина, Дания, Швеция, Ресей, Австрия, Уэльс, Чехия.
3 қоржын: Словакия, Турция, Ирландия, Северная Ирландия, Шотландия, Норвегия, Сербия, Финляндия, Болгария, Израиль.
4 қоржын: Венгрия, Румыния, Греция, Албания, Черногория, Кипр, Эстония, Словения, Литва, Грузия.
5 қоржын: Македония, Косово, Беларусь, Люксембург, Армения, Әзірбайжан, Қазақстан, Молдова, Гибралтар, Фареры.
6 қоржын: Латвия, Лихтенштейн, Андорра, Мальта, Сан-Марино.
Қазақстан құрамасы Еуро-2020 ойынының бесінші қоржынында қалды
