Қазақстан құрамасы Нұр-Сұлтанда хоккейден Әлем чемпионатында «алтын»жеңіп алды

Күні: 09:47, 06-05-2019.

Алматы. 6 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстан құрамасы Нұр-Сұлтанда хоккейден Әлем чемпионатында «алтын» жеңіп алды, деп хабарлады Қазақстанның ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.
«Нұр-Сұлтанда шайбалы хоккейден бірінші дивизионның А тобындағы әлем чемпионаты аяқталды. Соңғы жарыс күнінде Қазақстан Венгрияны оңай жеңіп, әлемдік сынның алтынын иеленді», - делінген жексенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, таблодағы есептегі үлкен айрымашылыққа қарамастан Венгрия командасына қарсы матч өте тартысты болған.
«Ойынның 23-ші минутында Никита Михайлис есеп ашса, 41-ші минутта Антон Некряч көзге түсті. 45-ші минутта венгрлер жауап қайтарғанымен, 57-ші минутта Евгений Рымарев мергендігімен танылды. Осылайша, Қазақстан командасы 3:1 есебімен жеңіске жетті», - деп хабарлады ҰОК.
Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан құрамасы Хоккейден әлем чемпионатында элита дивизионына мерзімінен бұрын шықты. Қазақстандық хоккейшілер Нұр-Сұлтанда өткен барлық бес кездесуде де жеңіске жетті.


Жаңалықтармен бөлісу: