Қазақстан ресейлік Барнауылдан Өскеменге газ құбырын тартпақ

Астана. 24 қараша. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Қазақстан ресейлік Барнауылдан Өскеменге газ құбырын тартпақ, деп мәлімдеді ҚР энергетика министрі Нұрлан Ноғаев.
«ҚазТрансГаз» АҚ мен «Газпром» ҚАҚ арасында жұмыс тобы құрылды, мәселе ресейлік тараппен талқылануда», - деді Ноғаев сейсенбідегі үкімет отырысында.
Оның айтуынша, солтүстік өңірлерден бөлек, Қазақстанның шығыс бөлігіне де газ тартылмаған.
Энергомині басшысының пікірінше, газ тартудағы тиімді нұсқа - Ресей Федерациясынан Барнауыл-Рубцовск-Семей-Өскемен бағыты бойынша газ құбыры құрылысын бастау. Бұл ретте, Павлодар облысына қарай, атап айтқанда Семей ауданына қарай тарту жоспарлануда.
«Аталмыш бағыт бойынша газ құбырын тарту халық саны 2,1 млн адам болатын аталмыш өңірге газ жүргізуге мүмкіндік бреді», - деп санайды Ноғаев.
Тұтыну көлемі, оның ақпары бойынша, жылына 2,3 млрд. текше метр деңгейінде бағаланып отыр.
Бұған дейін Ноғаев Қазақстанда елдімекендердің төрттен бір бөлігіне ғана газ тыртылғанын айтқан еді.

adimage