Қазақстан Ресеймен татукөршілік және одақтастық туралы шартты ратификациялады

Астана. 7 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан Ресеймен татукөршілік және одақтастық туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлады ҚР президентінің баспасөз қызметінен.  
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы XXI ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шартты ратификациялау туралы» ҚР заңына қол қойды», - делінген Ақорданың ресми сатйында жұма күні жарияланған хабарда.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.
Еске салсақ, шарт мақсаты қазақстандық-ресейлік стратегиялық әріптестік және саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, энергетикалық, таранзит-көліктік, экологиялық, гуманитарлық, мәдени және басқа салаларда өзара тиімді ынтымақтастықты одан ары нығайту.
Бұған дейін хабарланғандай, тараптар өзара сенім, стратегиялық әріптестік және жан-жақты ынтымақтастық негізінде тең құқылы және егемен мемлекеттер ретінде бір-бірімен өзара іс-қимылды дамытады.
«Уағдаласушы Тараптар олардың кез келгеніне қарсы бағытталған қандай да бір блоктарға немесе одақтарға қатыспайтын болады. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы екінші Уағдаласушы Тарапқа қарсы бағытталған қандай да бір іс-қимылдарға қатысудан немесе осындай іс-қимылдарды қолдаудан қалыс қалады және оның аумағын осы екінші Уағдаласушы Тарапқа қарсы агрессияны немесе өзге де дұшпандық іс-қимылдарды дайындау немесе жүзеге асыру мақсатында пайдалануға жол бермейді», - делінген шартта.
Уағдаласушы Тараптар тең құқықтылық, еріктілік және саяси егемендікке қысым жасамастан өзара тиімділік қағидаттарында еуразиялық интеграцияны тереңдету мақсатында Кеден одағы мен Еуразиялық экономикалық кеңістікті одан әрі нығайтуға жәрдемдеседі.
«Уағдаласушы Тараптар Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен дағдарысты жағдайларға ден қоюдың пәрменді жүйесін қалыптастыруға бағытталған бірлескен шараларды қабылдайды. Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасындағы трансшекаралық қыр көрсетулерге, қатерлер мен тәуекелдерге қарсы тиімді іс-қимыл жүргізу мақсатында келісілген шекаралық саясат жүргізеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының сыртқы шекараларын қорғау саласында ынтымақтастықты нығайтады.
Еске салсақ, шарт Екатеринбургте 2013 жылдың 11 қазанында жасалған.

adimage