Қазақстан Республикасы мен Тоголез Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды

Күні: 19:02, 13-10-2014.

Астана. 13 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан Республикасы мен Тоголез Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатты, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Ү.ж. 9 қазанда Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы мен Тоголезтік Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдері Қайрат Әбдірахманов пен Коджо Менан екі мемлекет арасында дипломатиялық қатынастарды орнату жөніндегі бірлескен коммюникеге қол қойды», - делінген дүйсенбі күні ҚР СІМ баспасөз қызметі таратқан хабарда.
Хабарда айтылғандай, қол қою рәсімі кезінде екіжақты деңгейдегі ынтымақтастықтың перспективалары туралы пікір алмасты, сондай-ақ БҰҰ күн тәртібіндегі Қазақстан мен Того үшін маңызды мәселелер талқыланды. Солардың ішінде теңізге шығуға жол жоқ елдердің проблемларын шешу мәселесі. Тараптар экономикалық даму, мемлекеттер арасында өзара тиімді байланыстарды, әсіресе сауда, қазба өндірісі, энергетика, өңірлік нарықтарға жол ашу, білім беру салалары төңірегінде дамыту маңыздығын мойындады.
Қазақстан Республикасы атынан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысуға шақыру Того Үкіметіне тапсырылды. Того Елшісі келе жатқан көрменің энергетика, энерго көздердің тапшылығы проблемасын, әсіресе дамушы елдер үшін шешу мәселелері аясындағы маңыздығын атап өтті.    
Ол сонымен қатар, африкалық елді басқа Орта Азия мемлекеттерімен таныстырып, ынтымақтастықты дамыту бойынша Қазақстан жағынан колғабыс алуға мүдделі екендігін танытты.
Өз тарапынан Қазақстанның Тұрақты өкілі еліміз үшін Африка мемлекеттерімен саяси және экономикалық ынтымақтастықты одан әрі күшейту, ұлаң-ғайыр континент бетіне өз тауарлары мен қызмет түрлерін шығару маңыздығына көңіл аударды.
Того – Батыс Африкадағы мемлекет, халқы 6 млн. адамнан астам, президенттік республика болып табылады. Ең жоғарғы заң шығарушы органы – бір палаталы Ұлттық кеңес.
Экономиканың басты секторлары болып Еуропа мен Азиядан көршілес Африка мемлекеттеріне тауарлардың реэкспорты, соның ішінде фосфат, мақта, какао, кофе, алюминий, графит, темір, алтын, мәрмәр, уран мен хром. Бұған қоса, Того фосфаттың әлемдегі ең ірі экспорттаушысы болып табылады. Мемлекет Германиямен, Нидерландымен, Франциямен, Үндістанмен, Қытаймен және ОАР өндіріс саласында тығыз ынтымақтасып келеді.
Республика 56 франкотілдес мемлекеттер мен мемлекет бөлімдерін біріктіретін халықаралық ұйым – Франкофонияның мүшесі болып табылады. Того сондай-ақ Африка, Кариб теңізі мен Тынық мұхиттың 79 мемлекетінің халықаралық ұйымы АКТ елдері қатарына кіреді.


Жаңалықтармен бөлісу: