Астана. 12 тамыз. ҚазТАГ - Ыстық көлде қазақстандықтармен апатқа ұшыраған автобустың барлық жолаушылары басқа автобуспен діттеген жеріне жеткізілді, деп хабарлайды ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі.
«11 тамызда, кешкі сағат 10-дан кейін Ыстықкөл ауданы (Қырғызстан) Тамчы ауылында жеңіл көлік қарсы жолаққа шығып кетіп, жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Соққыдан автобус арыққа шығып кетті. Жергілікті құқық қорғау органдарының мәліметінше, жолаушылардың барлығы - Қазақстан Республикасының азаматтары. Сонымен қатар жолаушылардың ешқайсысы жарақат алмады, ешкім медициналық көмекке жүгінбеді. Барлық жолаушылар діттеген жеріне басқа автобуспен жеткізілді», - делінген дүйсенбідегі хабарламада.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 11 тамызда Қазақстаннан келген туристер бар автобус Ыстық көлде апатқа ұшырады. Ыстықкөл облыстық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, туристерден ешкім зардап шеккен жоқ.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ыстықкөлде қазақстандықтармен болған ЖКО туралы: Барлық жолаушылар баратын жерлеріне басқа автобуспен жеткізілді
