Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон министрлігінің еңбек комитетінің төрағасы тағайындалды

Күні: 19:03, 03-09-2019.

Астана 3 қыркүйек. ҚазТАГ - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон министрлігінің  еңбек комитетінің төрағасы тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон министрлігінің баспасөз қызметі.
Хабарда айтылғандай, ҚР Еңбекмині Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы болып Ербол Нұрғалиев тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Ербол Жолдаспекұлы Нұрғалиев ҚР Еңбекмині Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
Ербол Нұрғалиев 1975 жылы 10 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Михайловка ауылында дүниеге келген.
2000 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Тарих және құқық мұғалімі» мамандығы бойынша, 2010 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «экономика бакалавры» мамандығы бойынша бітіріп, 2018 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде Экономика және бизнес магистрі дәрежесін алды.
Әр жылдары Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ішкі саясат бөлімінің бастығы, ШҚО Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды.
2015 жылғы маусым айында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
2015 жылғы желтоқсан айынан бастап 2017 жылғы мамыр айына дейін-Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының басшысы.
2017 жылғы мамыр айынан бастап 2018 жылғы қараша айына дейін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2018 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді.


Жаңалықтармен бөлісу: