Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі тағайындалды

Күні: 18:33, 26-09-2019.

Астана 26 қыркүйек. ҚазТАГ - ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі тағайындалды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бисақаев Өркен Серікқалиұлы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарламада.
2019 жылдың сәуірінен бастап Бисакаев «НК «Kazakh Tourism» АҚ басшысы болды, бұған дейін ол 2018 жылдың қарашасынан 2019 жылдың сәуіріне дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болған, ал одан бұрын, 2017 жылғы қарашадан 2018 жылғы қарашаға дейін Маңғыстау облысы туризм басқармасының бастығы қызметін атқарған.


Жаңалықтармен бөлісу: