Қазақстан Республикасының Қырғызстандағы және Түркіменстандағы жаңа елшілері тағайындалды

Күні: 18:51, 26-08-2019.

Астана. 26 тамыз. ҚазТАГ - Қазақстанның Қырғызстандағы және Түркіменстандағы жаңа елшілері тағайындалды, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Ақорданың ресми сайтында жарияланғандай, Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:
Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен;
Жандос Әнуарұлы Асанов Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.
Қайрат Айтмұхамбетұлы Нұрпейісов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;
Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.


Жаңалықтармен бөлісу: