Қазақстан құс өсірушілеріне өндірістік-шаруашылық мәселелерін өздері шешу ұсынылды

Астана. 24 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан құс өсірушілеріне өндірістік-шаруашылық мәселелерін өздері шешу ұсынылды, деп хабарлады ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Құс шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары өндірістік-шаруашылық қызметін дамытудың жаңаша жолдарын іздестіру керек. Қазіргі уақытта құс шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыру үшін әлеует жетерлік», -деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров құс өсіру саласының өкілдеріне.
Сондай-ақ, кездесуде сала басшысы жұмыртқа өндірушілері үшін тауарлық-ерекше субсидия 10 жыл бойы берілгенін және оны 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқарту жоспарланғанын айтты.
«Десек те, ауыл шаруашылығы министрлігі осы субсидияны мемлекеттің импортқа тәуелділікті төмендету және ет құс шаруашылығын дамытуға бағытталған түріне ауыстыру бойынша сала мамандарының ұсыныстарын қарауға дайын екендігін айтты», - деді АШМ

adimage