Астана. 24 маусым. ҚазТАГ-Мәдина Әлімханова. Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биліктің аудандық, қалалық және ауылдық деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Заң жобасы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін - өзі басқаруды дамыту, ағымдағы мәселелерді шешуде жеделдікті қамтамасыз ету үшін жергілікті билік органдарына қосымша функциялар мен өкілеттіктерді беру, сондай-ақ бюджеттік реттеуді жетілдіру мақсатында әзірленді", - делінген бейсенбіде экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің қорытындысында.
Бұл ретте, заң жобасында мәслихат сессиясының төрағасы лауазымын жою және оның өкілеттігін мәслихат хатшысына беру көзделетіні атап өтілді. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары төрағаларының қызметі регламенттеледі. Бұдан басқа, тұрақты негізде жұмыс істейтін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының тұрақты комиссиялары төрағаларының екі лауазымы енгізіледі, сондай-ақ мәслихат депутаттарының тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен біліктілігін арттыру құқығы беріледі.
"Жергілікті өзін - өзі басқару бюджетін нығайту мақсатында бюджеттің төртінші деңгейіне мынадай салықтар мен төлемдер беріледі: бірыңғай жер салығы; жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем; жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер (ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін қоспағанда); жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлем", - деп қосты Сенат.
Сондай-ақ, заң жобасында бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстарының көлемінен 20% - дан аспайтын көлемде қаражат қайта бөлінген жағдайда аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетін түзету мүмкіндігі көзделеді.
"Сондай-ақ, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының жекелеген шешімдерімен аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері бекітілетін норма енгізіледі. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет пен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін қаржы жылы ішінде өзгертуге жол берілмейді. Бұдан басқа, заң жобасында әкімшілік – аумақтық бірліктер санаттарын нақтылау, сондай-ақ әкімшілік - аумақтық бірліктер санаттарын өзгерту тәртібін айқындау бойынша нормалар енгізіледі", - делінген қорытындыда.
Қатысты сілтемелер
-
Си Цзиньпин Қазақстанға шілдеде келеді деп күтілуде28 Наурыз 2024, 15:58
-
Тоқаев Қытайда БҰҰ бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті28 Наурыз 2024, 14:34
-
Ешкім көмексіз қалмайды – Бектенов28 Наурыз 2024, 14:26