Қазақстан шекара қызметінің директоры Жоламанов қамауға алынды

Астана. 30 қазан. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің директоры Нұрлан Жоламанов қамауға алынды, деп хабарлады ҚР әскери сотының баспасөз қызметінен.  
«Оны кеше 22 сағатта 27 желтоқсанға дейін қамауға алды», - деп хабарлады бейсенбіде телефон арқылы ҚазТАГ тілшісіне ҚР әскери сотының баспасөз қызметінен.  
Бұған дейін хабарланғандай, 2014 жылдың 27 қазанында ҚР ҰҚК шекара қызметінің директоры Н.Жоламанов ұсталды.  
«Қазақстан Республикасы ҰҚК өзіндік қауіпсіздік бөлімшесі ҚР ҰҚК шекара қызметінің лауазымды тұлғалары тарапынан қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану фактілерін тексеру аясында қылмыстық іс қозғады.  Аталмыш қылмысты жасаған деген күдікпен шекара қызметінің директоры Н.А.Жоламанов ұсталды», - делінген ҚР ҰҚК хабарында.  
Іс бойынша қажетті жедел-тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл істі ҚР бас әскери прокуратурасы қадағалап отыр.  

adimage