Қазақстан СІМ басшысы алдағы күндері ресми сапарымен Қытайға барады

Күні: 18:49, 27-03-2019.

Алматы. 27 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстан сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов алдағы күндері ресми сапарымен Қытайға барады, деп хабарлады «Синьхуа».
«Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрі Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов 28-29 наурызда Қытайа ресми сапарымен келеді», - деп хабарлады сәрсенбіде ҚХР СІМ ресми өкілі Гэн Шуан.
Қытайлық сыртқы саяси ведомствода нақтылағандай, Атамқұлов мемкеңес мүшесі – Қытайдың сыртқы істер министрі И.Ванның шақыртуымен барғалы отыр.


Жаңалықтармен бөлісу: