Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің жарақтандыруына жаңа миналық-тартқыш кораблі қосылады

Күні: 16:42, 17-09-2015.

Астана. 17 қыркүйек. ҚазТАГ - Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің жарақтандыруына жаңа миналық-тартқыш кораблі келіп түседі, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.  

«Мина-тартқыш кораблін іске қосу қазақстандық Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді», - делінген қорғаныс министрлігінің бейсенбіде таратылған хабарында.
  
Корабль базалардың, кемежайлардың, кеме жолдары мен жаға маңының су айдындарын минаға қарсы қорғау үшін арналған. Ол кіріктірілген шағын габаритті навигация және тұрақтандыру жүйесімен, корабльді гидрометеорологиялық қамтамасыз ету кешенімен, спутниктік навигациялық жүйелерді қабылдау аппаратурасымен, жаһандық теңіз байланысы жүйесінің, радиотрансляция және бақылау аппаратурасымен жабдықталған.

Сонымен бірге, кеменің жаппай жою қаруынан қорғау қасиеттері, әмбебап су және магниттік қорғау жүйелері, химияға қарсы желдеткіші мен жарақтандыруда  атысты автоматтандырылған басқару жүйесі бар АК-306 штаттық артиллериялық кешені, 12,7 мм оқшашары және тартқыш қару-жарағы бар.

Хабарда түсіндірігендей, корабль Невск кеме құрастыру зауытынан (Санкт-Петербург қ.) келеді және жоспар бойынша қыркүйектің аяғында суға жіберіледі.  

Қазіргі уақытта ҚР ҚК ӘТК жарақтандыруында қазіргі заманғы зымыран-артиллериялық корабльдері, шағын күзет кемелері мен катерлері тұр.


Жаңалықтармен бөлісу: