Астана. 15 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстан әскери теңізшілері АҚШ-тың әскери базасында тағылымдамадан өтуде, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері капитан-лейтенант Айбек Жұманов пен 3-дәрежелі старшина Тұмарбек Көшкінбаев АҚШ-қа тағылымдамадан өтуге жіберілді. Екі аптаға созылатын курс Бахрейндегі АҚШ Әскери-теңіз күштері 5-ші флотының бас жедел базасында өтеді",- делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
«Біз АҚШ әскери-теңіз флотының теңізшілері қалай жұмыс істейтінін, суасты әскери корабльдер экипаждарының күнделікті қызметі, олардың жауынгерлік және дене даярлығы, сондай-ақ суға шығулары қалай ұйымдастырылғанын қадағалаймыз. Біздің әрі қарайғы қызметімізде пайдалы болатын қажырлы тәжірибе алмасу», - деп келтіреді баспасөз қызметі капитан-лейтенант Айбек Жұмановтың сөзін.
ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысы басқармасының айтуынша, мұндай курстардың шынайы оң нәтижелері болады. Осыған байланысты, халықаралық ынтымақтастықтың ауқымын кеңейте отырып, Қазақстан мен өзге де елдердің әскери теңізшілерінің бірлескен дайындық практикасын жалғастыру жоспарлануда.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстандағы АҚШ елшісі: Мен революция елшісі емеспін
10 Ақпан 2021, 14:41 -
АҚШ елшісі: Біз адам саудасына қарсы күресте Қазақстанды қолдаймыз
30 Шiлде 2020, 08:42