Қазақстан студенттері тегін өндірістік іс-тәжірибеден 2019 жылдан бастап өте алады

Күні: 17:24, 10-11-2014.

Астана. 10 қараша. ҚазТАГ – Оксана Скибан. Қазақстандық студенттерге 2019 жылдан бастап кәсіпорындар мен ұйымдарда тегін іс-тәжірибеден өту қолжетімді болмақ, деп хабарлады ҚР білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев.
«Аталған норма (кәсіпорындар мен ұйымдарда тәжірибені тегін ұсыну – ҚазТАГ) өте үлкен салымдарды қажет етеді, сондықтан біз бюджет аясында осы норманы енгізгіміз келеді. 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бұл норма күшіне енетінін айтқымыз келеді», - деді Т. Балықбаев дүйсенбі күні мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында «Білім беру мәселелері жөніндегі ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының түзетулерін қарастыру барысында.
Ол кәсіпорындарда тегін тәжірибеден өтуді ТжКБ ұйымдарындағы тегін оқумен қатар енгізу жоспарланып отырғанын түсіндіре өтті.
«Бүгінде біздегі стандарттар бірінші техникалық және кәсіби білімді тегін ұсынуды қарастырады, сондай-ақ студенттер практикадан өте алады. Бірақ олардың білім министрлігіне ведомстволық түрде қарамайтын ұйымдарда тәжірибеден өтуіне байланысты, осы себепті де, заңнамалық негізде практиканы тегін ұсынуды бекіту жағын қалап отырмыз», - деп түйіндеді ол.
Т. Балықбаев қазіргі таңда елде орта мектеп білім алып, ЖОО-ға да, техникумға да да түспей отырған 25-30 мың адам бар екенін еске салды.
Сонымен қатар вице-министр «Дуальды оқыту» түсінігін заңнамалық тұрғыда бекіту туралы айтып берді. Оның айтуынша, бұл өндірістік оқыту мен кәсіпорындардағы практика басымдығы бар білікті кадрларды даярлау кезінде жұмыс беруші мен оқу орнының жауапкершілігін орнатуға мүмкіндік береді.
«Кәсіби-техникалық білім берудегі жаңалықтардың бірі бұл – дуальды оқыту. Оқу үдерісінің өтуі колледжде де, кәсіпорында да нормативті түрде бекітілген. Норма бекітілетін болады, және де соған байланысты оқытудың 40-60%-ы кәсіпорындарда өтетін болады», - деп түйді Т. Балықбаев.


Жаңалықтармен бөлісу: