Қазақстан тұмауға қарсы ресейлік екпенің 1,9 млн дозасын сатып алды, ол қыркүйекте жеткізіледі

Астана. 7 тамыз. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Қазақстанда «СК-Фармация» ЖШС тұмауға қарсы ресейлік екпенің 1,9 млн дозасын сатып алды, ол қыркүйекте жеткізіледі, деп мәлімдеді компания басқармасының төрағасы Ерхат Ысқалиев.
«Жыл сайын сатып алынатын екпелерге қатысты: бізде жыл басында Гриппол ресейлік екпесінің 1,9 млн дозасы сатып алынды. Қыркүйекте жеткізіледі деп күтілуде», - деді Ысқалиев жұма күні КВИ-ге қарсы халықты дәрі-дәрмекпен қамту, сапа, баға өзгерісі жағдайы жөнінде онлайн-брифингте.
Оның айтуынша, әдетте ДДСҰ алдымен штамм анықтайды, сосын барып өндірісті бастайды.
«Сонымен қатар, қосымша 600 мың доза бар - Т575 млн, сатып алуды жүргізіп жатырмыз. Біз екпені жеткізуді тездету керек екенін түсінеміз, сондықтан қазір жеткізушілермен бұл мәселені қарастырып жатырмыз», - деді компания басшысы.
Сондықтан, оның ақпарынша, маусымдық аурулар басталғанға дейін «СК-Фармация» дайын болады.

adimage