Қазақстан-Түркіменстан-Иран темір жолы ауыл шаруашылығын дамытуға перспективалар ашады – Ұлттық банк басшысы

Күні: 14:40, 12-11-2014.

Астана. 12 қараша. ҚазТАГ – Бауыржан Мұқанов. Қазақстан-Түркіменстан-Иран темір жолының іске қосылуы республиканың ауыл шаруашылығы мен шикізат саласын дамытуға үлкен перспективалар ашады, деп санайды ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов.
«Біз ирандық темір жолдарға қосылып отырмыз, және де олар арқылы, бұл жерде белгілі бір мәселелер бойынша бүгінде кейбір оқшаулық мәндегі мәселелер бар екені түсінікті. Бірақ келешекте біз бұл ауыл шаруашылығына арналған орасан мүмкіндіктері мен біздің шикізат саламызға арналған үлкен мүмкіндіктері бар Парсы шығанағы өңірлеріне апаратын Орталық Азия елдері үшін ең қысқа жол болады деп есептейміз», - деді Қ. Келімбетов сәрсенбі күні Еуразиялық көліктік интеграция жөніндегі бірінші халықаралық конференцияда.
Еске сала кетейік, Қазақстан-Түркіменстан-Иран темір жолы 2014 жылдың желтоқсанында ашылатын болады.
Маршрут 10 млн тонна жүкті ауыстырып тиеуге мүмкіндік ашады. Жаңаөзен-Қызылғая-Берекет-Этрек-Горган маршруты бойынша іске қосылуға дайын тұрған тармақтар Қазақстанның Парсы шығанағы, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка елдерімен сауда-экономикалық өзара іс-қимылын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Магистральді төсеу туралы келісімге үш мемлекеттің басшысы 2007 жылы қол қойған. Құрылыс жұмыстарының өзі 2009 жылы басталған. Қазақстан жағы өз учаскесіндегі жолды төсеуді 2011 жылдың қарашасында-ақ аяқтаған.


Жаңалықтармен бөлісу: