Қазақстан-Түркіменстан-Иран темір жолын желтоқсанда ашады

Күні: 12:40, 12-11-2014.

Астана. 12 қараша. ҚазТАГ – Бауыржан Мұқанов. Қазақстан-Түркіменстан-Иран темір жолы 2014 жылдың желтоқсанында ашылатын болады, деп хабарлады ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешов.
«Желтоқсанда мемлекет басшылары Түркіменстан мен Иран арқылы Таяу Шығысқа шығаратын темір жолды іске қосатын болады», - деді Ә. Исекешов сәрсенбі күні Еуразиялық көлік интеграциясы жөніндегі бірінші халықаралық конференцияда.
Бұған дейін Қазақстан президенті Қазақстан-Түркіменстан-Иран темір жолы 2014 жылғы қарашаның бірінші онкүндігінде ашылады деп хабарлаған болатын.
Маршруат 10 млн тонна жүкті ауыстырып тиеуге мүмкіндік ашады. Жаңаөзен-Қызылғая-Берекет-Этрек-Горган маршруты бойынша іске қосылуға дайын тұрған тармақтар Қазақстанның Парсы шығанағы, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка елдерімен сауда-экономикалық өзара іс-қимылын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Магистральді төсеу туралы келісімге үш мемлекеттің басшысы 2007 жылы қол қойған. Құрылыс жұмыстарының өзі 2009 жылы басталған. Қазақстан жағы өз учаскесіндегі жолды төсеуді 2011 жылдың қарашасында-ақ аяқтаған.


Жаңалықтармен бөлісу: