Астана. 28 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстан Тәжікстанға ақысыз әскери-техникалық көмек көрсетеді, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінен.
«Астанада Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Жанжүменовтің Қазақстан Республикасындағы Тәжікстан Республикасының Өкілетті елшісі Назирмад Ализодамен кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар Тәжікстан Республикасына ақысыз әскери-техникалық көмек көрсету туралы екі елдің үкіметтері арасындағы келісімге қол қойды», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Хабарда айтылғандай, Қазақстан мен Тәжікстан екіжақты әскери ынтымақтастық мәселелерін талқылады