Қазақстан теңіз алпауытына айналып келеді, деп санайды Ұлттық банк басшысы

Күні: 15:54, 12-11-2014.

Астана. 12 қараша. ҚазТАГ – Бауыржан Мұқанов. Қазақстан біртіндеп теңіз алпауытына айналып келеді, деп санайды ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов.
«Біз де Ақтауды дамыта бастадық. Біз жайлап теңіз алпауытына айналып келеміз, дегенмен өз кезінде ондай дәстүр болмауы да мүмкін», - деді Қ. Келімбетов сәрсенбі күні Еуразиялық көліктік интеграция жөніндегі бірінші халықаралық конференцияда.
«Біздің әзірбайжандық әріптестеріміздің қандай ауқымды жұмыс атқарғанын біз білеміз. Бакуды бүгін тану мүмкін емес. Сәулет тұрғысынан да, логистикалық мүмкіндіктер жағынан да. Шынында, егер біз Каспий теңізін алатын болсақ, онда, бәлкім, Баку – көшбасшы-орталық. Ресей ешқашан Астраханьды дамытқан емес, себебі приоритет – Қара теңіз, Иран аса қатты дамытпайды, өйткені Парсы шығанағы бар», - деп түсіндірді ол.


Жаңалықтармен бөлісу: