«Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің өнеркәсіптік кәсіпорындарының қазіргі заманғы ғылымды қажетсінетін технологиялар мен инновацияларды енгізу негізінде ауыр машина жасау салаларын дамытуда тиімді өзара іс – қимылын ынталандыру мақсатында», - деп жобаның негізгі ережелерінің сипаттамасында айтылған.
Мақсаты ТМД қатысушылары – ауыр машина жасау салаларын дамытуды ынталандыру жөніндегі іс-шараларды келісу және іске асыру болып табылады.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәлімдеуінше, негізгі міндеттерге кооперацияның өсуі, экономикалық тиімділікті арттыру, технологиялық және инновациялық жаңарту, ресурстарды үнемдеу және экологиялық қауіпсіздік, ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз ету және олардың өндірушілерінің әлемдік нарықтағы үлесін арттыру үшін ауыр машина жасау салалары өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мүдделерінде жаңа өндірістік технологиялар мен құзыреттерді игеру және алмасу арқылы ауыр машина жасау салалары үшін өнеркәсіптік өндірісті дамытуға жәрдемдесу кіреді.
Жоба қабылданған жағдайда ТМД–ға қатысушы мемлекеттерге өнеркәсіптік саясат саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықты дамыту және тереңдету бойынша өзара іс-қимылдың неғұрлым жоғары деңгейіне шығуға және қазіргі жағдайда ауыр машина жасау салаларын одан әрі дамыту үшін күш біріктіруге мүмкіндік береді, деп күтілуде.
Фото көзі: dzeninfra.ru