Астана. 31 шілде. ҚазТАГ – Қазақстан Токиода өтетін жазғы Олимпиада-2020 ойындарына ресми шақырту алды, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Токио -2020 Олимпиадасына ресми шақырту алды», - деп хабарлады сәрсенбіде СІМ-нен.
XXXII жазғы Олимпиада ойындары Жапония астанасында 2020 жылдың 24 шілдесі 9 тамызы аралығында өтеді. Алдын-ала ақпар бойынша әлемнің көлемді спорттық форумына 205 ел қатысады деп күтілуде. Болжанып отырғандай, Олимпиада-2020 ойындарына 12,5 мың спортшы қатысады.
Қазақстан Токиода өтетін жазғы Олимпиада-2020 ойындарына ресми шақырту алды
