Қазақстан ғылым және білім вице-министрі тағайындалды

Астана. 30 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстан ғылым және білім вице-министрі тағайындалды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Мирас Мұхтарұлы Дәуленов Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі лауазымына тағайындалды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Ол 2018 жылдан бастап 2019 жыл аралығында — М. С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ университетінің С. Зиманов атындағы құқықтық және экономикалық зерттеулер Академиясының директоры, 2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін — М. С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ университетінің ректоры болған. 2015-2018 жылдары — М. С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ университетінің С. Зиманов атындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер Академиясының директоры – Басқарма Төрағасының орынбасары, ал 2012 жылғы тамызда «Қазақ Гуманитарлық Заң университеті» АҚ Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

adimage