Қазақстан Қырғызстанға $100 млн көлемінде экономикалық жәрдем көрсетеді

Күні: 17:36, 07-11-2014.

Астана. 7 қазан. ҚазТАГ – Бауыржан Мұқанов. Қырғызстан Қазақстаннан $100 млн мөлшерінде экономикалық жәрдем алады, деп хабарлады Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев.
«Біз (Қырғызстан Республикасы – ҚазТАГ) Еуразиялық одаққа (Еуразиялық экономикалық одақ – ҚазТАГ) қосылудамыз. Әрине, Қазақстанда да артық ақша жоқ, бірақ Қазақстанның Қырғызстанға қолдау ретінде 100 миллион доллар бөлуі – мұндайды ағайын елден басқа біреу істей ме?» - деді А. Атамбаев жұма күні жоғары үкіметаралық кеңестің IV отырыс қорытындысы бойынша.
Сондай-ақ А. Атамбаев үкіметаралық кеңес отырысы кезінде электроэнергияны Қырғызстанға жеткізу туралы келісім жасалғанын хабарлады.
«Құдайға шүкір, бізде Қырғызстанда жарықтың өшуі орын алмайтын болды. Бізге энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізу үшін шамамен бір-бір жарым жыл қалды», - деп толықтырды ол.
Қырғызстан басшысы  қазір елде салмақты энергетикалық проблемалар бар екенін түсіндіріп өтті.
«Және осындай жағдайда Сіз Қырғызстанға көмектесеміз деп шештіңіз, жалғыз бұл мәселеде емес, көптеген басқа мәселелер бойынша да. Тіпті үкімет мүшелері де дегенмен бұл мәселені шешпеген дұрыс деп жатқан кезде, Сіз Қырғызстанды қолдайық, ағайындарымызды демеп жіберейік деп ашық пәрмен бересіз. Әлбетте, бұл есімізде де, жүрегімізде де мәңгі сақталады және Сізге орасан рақмет, Нұрсұлтан Әбішұлы (Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев – ҚазТАГ)», - деп жалғады А. Атамбаев.
Одан өзге, ол жоғары марапат пен қырғыз халқына көрсетіліп отырған қолдау үшін Қазақстан президентіне алғысын білдірді.
«Мен әрқашан Сізге келемін, мен үшін бұл үлкен әрі қуанышты оқиға, себебі әр кездесуде мен Сізден бірдеңе үйреніп кетемін және, әрине, көптеген проблемалық мәселелерді мен Сіздің қолдауыңызбен шешетінім жасырын емес», - деп атап өтті А. Атамбаев.
Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Нұрсұлтан назарбаев қырғыз әріптесі Алмазбек Атамбаевқа І дәрежелі «Достық» орденін табыстады.
«Достық» ордені – қоғамдағы өзара келісімді сақтау бойынша өнімді жұмысы, халықтар арасындағы бейбітшілік, достық және ынтымақтастықты нығайтудағы еңбегі үшін азаматтарға табысталатын ҚР мемлекеттік сыйлығы.
Хабарланғандай, Қырғызстан президенті мемлекеттік сапармен Қазақстанда жүр. Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланған.


Жаңалықтармен бөлісу: