Қазақстан Қырғызстанға КО-ға қосылар кезде тегін көмек көрсететін болады

Күні: 15:46, 14-10-2014.

Алматы. 14 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан Кедендік одаққа қосылар кезде Қырғызстанға тегін көмек көрсетеді, деп хабарлады ҚырТАГ.
Хабарда айтылғандай, ондай шешім Астанада дүйсенбі күні өткен қырғыз-қазақстан  үкіметаралық кеңес отырысында қабылданды.
«Еуразиялық интеграциялық үдеріс аясында Қазақстан Қырғызстанға Кедендік одаққа кірудің жол картасы қарастырған шараларды іске асыру аясында қайтарымсыз қаражат бөліп, тегін көмек көрсететін болды», - делінген хабарда.
Бұл ретте қаражат сомасы көрсетілмейді.
Тараптар сондай-ақ «Қырғыз-Қазақстандық тікелей инвестициялар қоры» АҚ-ны іске қосу керектігін мәлім етті. Ол үшін тараптар қажет инвестициялық жобалар тізімін үйлестіріп, дайындауды өкілетті органдарға тапсырды.
Бұрын хабарланғандай, Қырғызстанға Кедендік одаққа қосылудың жол картасын іске асыруға  $377 млн керек. Оның $200 млн-ын Ресей бөледі.  


Жаңалықтармен бөлісу: