Қазақстан Қырғызстаннан әкелінетін картопқа, алма мен құрмаға салынған тыйымды алып тастады

Алматы. 23 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстан Қырғызстаннан әкелінетін картопқа, алма мен құрмаға салынған тыйымды алып тастады, деп хабарлады Қырғыз телеграф агенттігінен (ҚырТАГ).
«Ағымдағы жылдың 22 мамырынан бастап Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық минстрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстанға Қырғызстан Республикасынан әкелінетін азықтық және тұқымдық картопқа, алма мен құрмаға салынған тыйымды алып тастады», - деп хабарлады ҚР үкіметінің баспасөз қызметінен.
Хабарда нақтыланғандай, аталмыш шешім 2019 жылдың 28 ақпанында Нұр-Сұлтанда қол қойылған «Қырғыз Республикасының вице-министрі Жениш Разаков пен Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Махмұдұлы Қасымбектің кездесу қорытындысы бойынша хаттамасы» және карантиндік фитосанитарлық бақылау мәселелері жөніндегі «жол картасы» қорытындысы бойынша қабылданған.
Еске салсақ, 2019 жылдың 19 ақпанынан бастап Қазақстан Қырғызстаннан (азықтық және тұқымдық картоп, алма, құрма) және Өзбекстаннан (анар) ҚР-ға көкніс өнімдерін әкелуге тыйым салу түрінде уақытша карантиндік фитосанитарлық шара енгізген еді.

adimage