Қазақстан-Қытай шекарасында магнитудасы 3,9 балдық жер сілкінісі тіркелді

Алматы. 3 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан-Қытай шекарасында магнитудасы 3,9 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады қазақстандық сейсмологтар.
«2019 жылғы 3 қазанда Нұр-Сұлтан уақытымен 15 сағат 05 минутта Қазақстан-Қытай шекарасында Достық қаласынан батысқа қарай 76 ш. және Талдықорған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 249 ш. жерде жер сілкінісі орын алған. Жер сілкінісінің ошағы 45.30 градус солтүстік ендікте, 81.53 шығыс бойлықта орналасқан. Магнитудасы mpv=3,9», деп хабарлады бейсенбіде Қазақстандық геофизикалық зерттеулер институтының мәліметтер орталығынан.
ГЗИ нақтылағандай, жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,9 болды.

adimage