Қазақстан, Қытай және Жапония Бейжіңде киберқауіпсіздік мәселесін талқылайды

Күні: 09:54, 17-10-2014.

Алматы. 17 қазан. ҚазТАГ - Қазақстан, Қытай және Жапония келесі аптада Бейжіңде киберқауіпсіздік мәселесін талқылайды, деп хабарлады «Синьхуа» агенттігі.

«Қазақстан, Қытай және Жапония киберкеңістіктегі қауіпсіздік мәселесінде ынтымақтастыққа ұмтылу ниетімен келесі аптада Бейжіңде киберқауіпсіздік мәселесін талқылайды.
21 қазанға белгіленген кеңес киберкеңістіктегі қауіпсіздік жөніндегі үшжақты консультативтік тетік құрғалы биыл өткізілейін деп отырған алғашқы отырыс», - делінген агенттіктің ҚХР СІМ хабарына сілтемелеп таратқан жаңалығында.  

Тараптар «ғаламдық торға» байланысты өзінің саясатын баяндап, киберкеңістіктегі халықаралық ережелерді талқылайды.


Жаңалықтармен бөлісу: