Қазақстан қызылша бойынша әлемдік үштікке кірді

Астана. 11 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстан қызылша бойынша әлемдік үштікке кірді, деп хабарлады АҚШ-тағы аурулардың алдын алу және бақылау орталығынан.
«Қызылшаның өршуіне байланысты ондыққа кірген елдер: 1 – Йемен (25 216 жағдай; 2 – Үндістан (14 927 жағдай); 3- Қазақстан (12 985 жағдай)», - делінген келтірілген кестеде.
Антирейтинг көшбасшыларының тізіміне сондай-ақ, Эфиопия, Пәкістан, Конго Демократиялық Республикасы, Ресей, Ирак, Индонезия және Нигерия елдері кірді.
Бұл мәліметтер 2023 жылдың мамыр-қазан айы аралығын қамтып отыр.
Еске салсақ, 29 қарашада денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда бір күнде 250-350 адамның тіркеліп отырғанын мәлімдеген еді.

adimage