Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде өз позициясын жақсартты

Алматы. 9 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумда (ДЭФ) жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде өз позициясын жақсартты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Еуразия өңірінде бәсекеге қабілеттілік рейтингінде бірінші орынға Ресей (43-орын), сосын Қазақстан (55-орын) және Әзірбайжан (58-орын) орналасты, олар 2018 жылмен салыстырғанда өз көрсеткіштерін жақсартты. Қаржылық даму мен инновациялық әлеуетке назарды шоғырландыру өңірге бәсекеге қабылеттілікті арттыруға және құрылымдық өзгеріске жылжу процесін бастауға көмектеседі», - делінген сәрсенбідегі ДЭФ есебінде.
2018 жылғы ақпарға қарағанда Қазақстан өз позициясын төрт тармаққа жақсартты. Ол Бруней (56-орын) мен Колумбиядан (57-орын) алға шықса, Оман (53-орын) мен Уругвайдан (54-орын) артта қалды.
Рейтингте Сингапур көш бастап тұр, одан соң АҚШ, Гонконг, Нидерланды мен Швейцария орналасқан. Индекстің ондығына Жапония, Германия, Швеция мен Ұлыбритания кірген. Ондықты Дания аяқтап тұр. Ал рейтинг «аутсайдерлері» қатарында Конго, Йемен мен Чад бар, олар ең соңғы жолда орналасқан.

adimage