Қазақстан жапон инвестициялары үшін өңірдегі ең жақсы жер болып табылады, деп санайды

Астана. 23 қазан. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. ҚР-да өз өнімдерін шығарып, оны ары қарай көрші нарыққа экспорттайтын жапон инвесторлары үшін Қазақстан ең жақсы жер болып табылады, деп санайды ҚР даму және инвестиция министрі Әсет Исекешов.
«Біз Ресей мен Белоруссия экономикалық одағының мүшесі болып табыламыз, бірақ біз ДСҰ-ға кіргелі отырмыз, сондықтан мен ойлаймын, бұл да жапон компаниялары үшін маңызды фактор. Біздің ойымызша, Қазақстан жапон инвестициялары үшін жақсы орын, олар осы жерде өз өнімдерін шығарып, оны Ресей, Орталық Азия, Батыс Қытай және Иран арқылы Таяу Шығыс нарығына шығара алатын хаб бола алады», - деді Ә. Исекешев бейсенбіде экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметтік және жеке сектордың қазақстандық-жапондық комиссиясының бесінші отырысы барысында.  
Министр бизнесті жүргізудің жеңілдігі бойынша барлық параметрлер жөнінен Қазақстанның көрші елдер арасында бірінші орында тұрғанын атап өтті.  
Ол жоғары білікті шетел жұмыс күшін кіргізудің «өте либералды» талаптарын жасау бойныша шешім қабылданғанын мәлімдеді, бұл жапон компаниялары үшін маңызды мәселе болатын.  
Бұған дейін хабаланғандай,  Қазақстанның шетел азаматтарының республикаға келуіне біржақты тәртіпте  визасыз режим енгізген 10 елінің ішіне Жапония да кіреді.  

adimage