Қазақстан Жапонияда гандболдан әлем чемпионатында Қытайды жеңді

Күні: 10:34, 09-12-2019.

Астана. 9 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстан Жапонияда гандболдан әлем чемпионатында Қытайды жеңді, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметінен.
«Топтық кезеңдегі барлық кездесуде жеңіліске ұшыраған қазақстандықтар 21-24 орынға таласу үшін Қытаймен кездескен болатын. Аталған матч 29:23 есебімен қазақстандықтардың пайдасына аяқталды», - делінген жексенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, бұл Жапониядағы турнирдегі қазақстандық құраманың алғашқы жеңісі болып отыр.


Жаңалықтармен бөлісу: