Қазақстан Женевада тұңғыш рет ISAR төрағасы болып тағайындалды

Күні: 12:47, 31-10-2019.

Астана. 31 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан тұңғыш рет Женевадағы қаржылық есептіліктің халықаралық сандарттары бойынша үкіметаралық жұмыс тобының (ISAR) төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады ҚР қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен.
«ISAR төрағасы болып Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өкілі, бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаментінің директоры Арман Бектұрова тағайындалды», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, биылғы 36-шы ISAR сессиясының тақырыбы- бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы соңғы жаңалықтар, сондай-ақ ортақ мәселелер мен шешімдер.
«Қазақстанда (ТМД-дағы жалғыз елде) қаржылық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заң қабылданған», - деп атап өтті ҚР қаржы минінен.
Еске салсақ, 2018 жылы 26 қазанда Қазақстан тұңғыш рет қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары бойынша үкіметаралық жұмыс тобының (ISAR) вице-президенті болып сайланды.
ISAR БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясы ретінде (ЮНКТАД) бухгалтерлік есеп пен есептілікті дамыту саласындағы озық тәжірибелермен алмасу үшін және ең өзекті мәселелер мен басымдықтарды айқындау үшін жаһандық және инклюзивті форум ретінде құрылды.
ISAR сараптамалық зерттеулермен айналысады, жыл сайын сессиялар мен семинарлар өткізеді, халықаралық стандарттар мен үздік халықаралық тәжірибелер мен техникалық көмек жобаларын іс жүзінде енгізуге көмектесетін құжаттар әзірлейді.


Жаңалықтармен бөлісу: