Қазақстан Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы тағайындалды

Астана. 19 шілде. ҚазТАГ – Қазақстан Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы тағайындалды, деп хабарлады Жоғары соттың баспасөз қызметінен.
«Әбдірашит Жүкенов Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болып тағайындалды», - делінген бейсенбідегі хабарда
Жүкенов 2014 жылдың қазанынан бастап Жоғары соттың судьясы, 2014 жылдың шілде-қазаны аралығында экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыспен күрес бойынша агенттік төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

adimage