Астана. 21 маусым. ҚазТАГ – Қазақстан журналист Айдос Садықовқа жасалған қастандықты тергеу амалдарын бастады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Мемлекет басшысының тапсырмасымен 18 маусым күні Киевте Айдос Садықовтың өміріне қастандық жасау фактісі бойынша ҚР Бас прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады», - деп хабарлады Қазақстан бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Хабарда атап өтілгендей, қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу тобы құрылды. Ол қылмысты ашуға және күдіктілерді ұстауға бағытталған қажетті жедел іздестіру шараларын жүргізеді.
ҚазТАГ бұған дейін бас прокурор Берік Асыловтың Украина бас прокурорының атына қазақтандық барынша тәжірибелі тергеушілерді жұмылдыра отырып, аталмыш қылмысты ашуға көмек көрсету туралы ұсынысын жолдағанын хабарлаған еді.
Еске салсақ, 18 маусым күні Киевтегі үйінің қасында көлігінде отырған Садықовқа қастандық жасалған болатын. Белгісіз біреу оған тапаншадан оқ атып, қашып кеткен. «Бәсе» оппозициялық жобасының авторының қасында әйелі – жобаның қосалқы авторы Наталья Садықова болған. Ол зардап шекпеген. Кейін белгілі болғандай, журналистке ота жасалған, ол жан сақтау бөлімінде жатыр. 19 маусым күні Садықовқа жасалған қастандыққа қатысты Тоқаев та пікір білдіріп, аталмыш оқиға бойынша құқыққорғау органдары және дипломатиялық ведомстволар арқылы ресми сауал жолдау тапсырылғанын, сондай-ақ, қажет болатын болса қазақстандық ресми органдар шындықты анықтауға ықпал ету үшін тергеу амалдарына қатысуға дайын екенін атап өтті.
21 маусым күні Айдос Садықовтың жұбайы журналист Наталья Садықова Киевтегі қастандыққа полиция қызметкерінің қатысы бар-мыс деп мәлімдеген еді. Ал Қазақстанның ішкі істер министрлігі журналистке қастандық жасаған деген күдіктінің оларда жұмыс жасайтыны туралы ақпаратты теріске шығарып, аталмыш күдіктінің бес жылдан бері құқыққорғау органы қызметкері болып табылмайтынын айтты.
Кейін мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Тоқаевтың Садықовты өлтірмек болған күдіктілердің мекенжайын анықтауды тапсырғанын хабарлады.
Қазақстан журналист Айдос Садықовқа жасалған қастандықты тергеу амалдарын бастады
