Қазақстан журналистер одағы Қарағанды филиалының жаңа басшысы тағайындалды

Қарағанды. 19 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан журналистер одағы Қарағанды филиалының төрағасы болып Қарағанды телевидениесінің бас редакторы Жәнібек Садықанов тағайындалды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
42 жасар Садықанов – Бөкетов ат. ҚарМУ түлегі, «мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша экономика факультетін және «журналистика» мамандығы бойынша филология факультетін бітірген.
Еңбек жолын Қарағанды маргарин зауытында бастаған. Сосын «Карагандинский Вестник», «Новый Вестник» газеттерінде тілші болып жұмыс жасаған. Қарағанды облысы әкімінің баспасөз хатшысы, қарағандылық «ТВК» телеарнасының директоры болған.
2007 жылдың шілдесінен бастап «Қазақстан» РТРК» Қарағанды филиалында жарнама бөлімінің аға менеджері, 2008 жылдан бастап жарнама бөлімінің бас менеджері болған. 2009 жылдың наурызынан бастап қазірге дейін директордың орынбасары - бас редактор.
2015 жылдан бері Қарағанды қоғамдық кеңесінің мүшесі. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, ақпарат және коммуникация министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төс белгісімен марапатталған.

adimage