Қазақстан Журналистер одағы Әбділдә Мұқашев атындағы сыйлықты бекітті

Алматы. 8 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан Журналистер одағы Әбділдә Мұқашев атындағы сыйлықты бекітті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
30 қыркүйекте керемет жан, журналист, адал және сенімді дос, ержүрек және өз елінің патриоты Әбділдә Рахметжанұлы Мұқашев 59 жасқа толар еді.
1991 жылы ол «Ақ жайық» газетін ашты, аталмыш басылым тәуелсіздік жылдары өңірлік басылымға айналып, сөз бостандығы мен қазақстандықтардың құқығын қорғады, еліміздің азаматтық қоғамының дамуына зор үлесін қосты. «Ақ жайық» басылымына көптеген өзге БАҚ сілтеме жасайды және танымалдылығы жағынан бірқатар республикалық басылымдарды басып озады. Газет өзінің баспа-типографиялық кешінінде басылып шығады. Бұл әлбетте Әбділдә Мұқашевтің еңбегі. Оның өмірден озуы - отандық журналистика үшін орны толмас қайғы.
Ә. Мұқашев Республикадағы Журналистер одағы басқармасының мүшесі, «Ұлттық баспасөз клубы» қоғамдық бірлестігінің Атырау филиалының ұйымдастырушысы болып табылады, «Қазақстанның құрметті журналисі» атағының иегері.
Әбділдә Рахметжанұлы Мұқашевтің отандық БАҚ-тың дамуындағы баға жетпес еңбегіне көрсетілген құрмет ретінде Қазақстанның Журналистер одағы оның есімімен жыл сайынғы сыйлықты бекітті, ол сыйлық еліміздің үздік журналистеріне – қоғамдық-маңызды, саяси және азаматтық – құқықтық тақырыптағы мақала, видео-материалдар авторларына табысталатын болады. Сыйлық Ақпарат және байланыс қызметкерлері күніне орай жыл сайынғы байқау қорытындысы бойынша беріледі.

adimage