Астана. 26 маусым. ҚазТАГ – Қазақстан Журналистер одағының шымкенттік филиалының басшысы Айгүл Қапбарова сенат депутаты болды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қапбарова Айгүл Жарылқасынқызын Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты болып сайланды деп есептеп, тіркесін. Қапбарова Айгүл Жарылқасынқызына тиісті үлгідегі куәлік пен төс белгі тапсырылсын», - делінген сейсенбіде Қазақстанның орталық сайлау комиссиясының қаулысында.
Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау жөніндегі дауыстарды санау нәтижелері бойынша Қапбароваға 85% дауыс берілген, ал Рамиль Искандеров пен Әлішер Сатыбалдиев 7,5% дауыстан жинаған.
Еске салсақ, 19 мамырда «ҚазТАГ» ХАА Қапбарованың сенат депутатына кандидат ретінде ұсынылғанын хабарлаған еді.
А. Қапбарова еңбек жолын телевидениеде бастаған, сосын облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі болған, соңғы жылдары «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерін басқарады. Қазақстан Журналистер одағының Оңтүстік қазақстандық облыстық филиалының төрағасы болып сайланған. Қазір осы қоғамдық ұйымның Шымкент қалалық филиалын басқарады.
Қазақстан Журналистер одағының шымкенттік филиалының басшысы сенат депутаты болды
