Қазақстан жыл соңына дейін «құрғақ порттар» келісіміне жыл соңына дейін қосылады

Күні: 13:11, 04-11-2014.

Астана. 4 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан БҰҰ-ның ЭСКАТО-ға мүше мемлекеттерінің «Құрғақ порттар» туралы үкіметаралық келісіміне қосылуға ниетті, деп хабарлады ҚР инвестиция және даму министрлігінен.
Хабарда айтылғандай, бұл халықаралық жүк тасымалы көлемін өсіруге, сонымен бірге шекараларды жүріп өткендегі кідірістер мен шығындарды қысқартуға мүмкіндік туғызады.
«Құрғақ порттар» туралы келісімді құру жөніндегі шешім БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитының  Экономикалық және әлеуметтік комиссиясына мүше-мемлекеттердің 69-шы сессиясы барысында мақұлданған болатын.
Келісім көліктік-логистикалық жүйені дамытудың елдер арасындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға үндейді. Бұл құжатқа сәйкес тараптар «құрғақ порттардың» үздіксіз жұмыс жасауының институционалдық, әкімшілік және нормативтік-құқықтық механизмдерін даярлайды. Өз кезегінде ол халықаралық тасымал көлемін арттыруға септесетін болады.
Бүгінгі күнге құжаттың жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісу үрдісін өтуде. Келісімге биылғы жылдың аяғына дейін қол қойылады деп күтілуде.
«Құрғақ порттардың» функцияларына тасымалданатын жүктерді өңдеу, сақтау, байқаудан өткізу, сонымен бірге кедендік бақылау жасау енетіні белгілі.
Қазақстанда «құрғақ порттар» қатарына Ақтөбедегі көліктік-логистикалық орталық және «Даму» индустриалды-логистикалық орталығы (Алматы) жатқызылады. Ықтимал «құрғақ порттар» қатарына «Хай Тек Лоджистикс», Алматы облысында орналасқан «Хоргос» Халықаралық шекараға шектес ынтымақтастық орталығы және  «Терминал Тау» жатқызылады.


Жаңалықтармен бөлісу: