Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы салқын болады

Күні: 18:25, 01-07-2022.

   Астана. 1 шілде. ҚазТАГ – Қазақстан аумағында алдағы үш күнде салқын ауа райы сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
   «Қазгидромет» РМК мәліметінше, республиканың басым бөлігіндегі ауа райына оңтүстік циклон ықпал етеді. Салдарынан күн күркіреп, жаңбыр жауады.
   «2 шілдеде батыста, 3 шілде солтүстік-батыста, 4 шілде оңтүстікте, орталықта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Дауыл соғып, жел күшейеді. Қазақстанның барлық аумағында ауа райы салқын болады», - деп ескертті синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: