Қазақстанда алдағы үш тәулікте ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі

   Астана.6 желтоқсан.ҚазТАГ- Қазақстанда алдағы үш тәулікте ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК баспасөз қызметі.
   «Суық Солтүстік-батыс антициклонының енуімен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі, тек Қазақстанның шығысы мен оңтүстік облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады»,- делінген сәрсенбі күні таратылған хабарламада.
    Түнгі сағаттарда ауа температурасы батыста 10-20 градус аязға дейін, солтүстік-батыста және солтүстікте 28-38 градус аязға дейін, еліміздің қиыр солтүстігінде 42 градус аязға дейін, республиканың орталығында және шығысында 28-33 градус аязға дейін, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 5-13 градус аязға дейін төмендейді.
   «Республика бойынша тұман күтіледі, еліміздің оңтүстік жартысында жел күшейеді»,- деп қосты синоптиктер.

adimage