Қазақстанда 1,2 мың азамат, соның ішінде 22 бала із-түссіз жоғалып кеткендер қатарында

Астана. 21 қыркүйек. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Қазақстанда 1,2 мың азамат, соның ішінде 22 бала із-түссіз жоғалып кеткендер қатарында, деп хабарлады ішкі істер министрлігі қылмыстық полиция департаментінің бастығы Думан Таев.
«Қазіргі таңда 1,2 мың адам, соның ішінде 22 бала із-түссіз жоғалып кеткендер қатарында. Көбіне ер адамдар жоғалып кетіп жатады, бұл олардың басқа өңірлерге қызметтік іс-сапарларға баруымен, маусымдық жұмыстарға, түрлі рейстерге шығуымен – көлік алып келу, жүк тасымалдау және т.б. байланысты болып отыр. Ал әйелдерге келсек, көбіне спирттік ішімдікке әуес адамдар жоғалып жатады. Жасөспірімдер арасында қолайсыз отбасыдан шыққандар көбіне жоғалып кетіп жатады екен. Кәмедетке толмағандардың үйден кетіп қалуларына – отбасы жағдайының нашар болуы, ата-аналарымен ұрыс-керіс, олармен бірге тұрғылары келмеу, ата-аналарының жүйелі түрде ішімдік қолдануы. Міне осы себептер салдарынан олар жиі үйлерінен қашады», - деді Таев дүйсенбідегі брифингте.
Ол атап өткендей, 80%-дан астам жағдайда жоғалған азаматтар табылып, үйлеріне қайтарылады екен.

adimage