Қазақстанда 1 ш.м. жаңа баспана құны қарашада 0,1% өсті

Күні: 14:10, 10-12-2018.

Астана. 10 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанда 2018 жылдың қараша айында алдыңғы аймен салыстырғанда 1 шаршы метр жаңа баспана құны 0,1%-ға өсіп, Т265 710 құрады, ал жыл басынан бері 2,2% өскен, деп көрсетілген ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті таратқан хабарда.
Статкомитетінің мәліметтерінше, тұрмысқа жайлы үйлердің 1 шаршы метрін қайта сату қараша айында 0,4% (жыл басынан бері – 1,7%) өсіп, Т185 642 болды, ал тұрмысқа жайсыз баспана құны қарашада өзгерген жоқ және жыл басынан бері - 2,2% өсіп, Т114 260 болды.
Тұрмысқа жайлы баспананың 1 шаршы метрінің жалға берілу бағасы Т1383 (сәйкесінше, +1,2% және +5,9%) болды.


Жаңалықтармен бөлісу: